Желіде Шарын шатқалында танымал фильмнің саундтрегін қобызда ойнаған қазақ жігіт көпті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олжас Құрманбек "Кариб теңізінің қарақшылары" фильмінің саундтрегін қобызда ойнағаны бейнеленген видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді.
Видео авторы Tengrіnews.kz тілшісіне бейнебаян маусымның ортасында Алматыдан 200 шақырым жерде орналасқан Шарын шатқалында түсірілгенін айтты. Кадрлар дронға түсірілген.
"Менің тобым еліміздің барлық әдемі жерінде видео түсіруді жоспарлап отыр. Менің арманым - қобыз туралы мүмкіндігінше көп адам білгені және музыка бүкіл әлемде ойналуы. Сондай-ақ, жақын арада жеке концертімді ойнағым келеді", - деді ол.
Бұған Желі қолданушылар тәнті болып, түрлі пікір қалдырған. Көпшілігі бұл фильмді қатты ұнататынын атап өтті.
"Таудағы періште!", "Қандай әсем", "Мынандай табиғат пен Ганс Циммердің туындысы керемет үйлесіп тұр", "Керемет", "Браво, Олжас. Дами беріңіз", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыз: Жүктілік кезінде неше рет УЗИ жасатуға болады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!