Тауда саңырауқұлақтарды жинаймын деп адасқан екі адам құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.
"Бүгін Түркістан облысы Атбұлақ ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан "Қазығұрт" тау шатқалында 21-45 сағатта ТЖД күшімен 31 наурызда күндіз саңырауқұлақтарды жинау үшін тау шатқалына көтеріліп, адасып кеткен 2 адам құтқарылып, құтқарушылардың сүйемелдеуімен таудан өз бетінше түсірілді. Медициналық көмек қажет емес", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!