Тауда адасып қалған үш жігітке құтқарушылар көмек көрсетті

Тауда адасып қалған үш жігітке құтқарушылар көмек көрсетті
Фото: ТЖМ  баспасөз қызметі

Алматы облысында 19 жастағы үш жігіт Букреев шыңына көтеріліп, адасып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Адасып кеткен жігіттер байланыс ұстайтын жер тауып, ұялы телефон арқылы құтқарушыларды көмекке шақырған.

"ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кинологиялық есеп тобымен олардың геолокациясы бойынша тауға көтеріліп, оқиға орнынан таба алмады. Балалар өз күштерімен түсуге шешім қабылдаған екен, құтқарушылар олардың соңынан түсіп, жақын аялдамаға дейін түсірді", - делінген ТЖМ  баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Адасып кеткендер медициналық көмекке жүгінбеді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева