Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Татьяна Савельеваның Құрылтай депутаты ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Татьяна Савельева туралы не белгілі?
Айта кетейік, ол "Әділет" партиясынан Құрылтайдың I сайланған депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды. Депутаттыққа дейін Қаржы министрлігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде қызмет атқарған.
2016-2023 жылдары қаржы вице-министрі болған. 2023-2026 жылдары VIII шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты болды. 2024-2026 жылдары Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова