- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тәттісіз бір күн...
Тәттісіз бір күн жүре алмайсыз ба? Бұл денсаулығыңызда маңызды проблема барын көрсетуі мүмкін
Кейбіреулер бір күн кәмпитсіз немесе тәттісіз өмір сүре алмайды. Ал адам тәттіге толық тыйым салса, әдетте бұрынғыдан да көп жей түседі. Эндокринолог мұндай құмарлық неге байланысты болуы мүмкін екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Диетологтар адамды тәттіден біржола бас тартпауға шақырады. Тәттіден бас тарту арқылы адам біраз уақыт арықтауы мүмкін, бірақ содан кейін бәрі өз қалпына оралады.
Мамандардың сөзінше, шоколад немесе тәттілерді өз мөлшерінде жеуге болады, алайда ең бастысы көкөністер, ет, жарма туралы ұмытпау керек. Яғни бұл тізімдегілер күнделікті диетада болуы керек.
Эндокринолог Илья Магеряның айтуынша, тәтті жеуге деген құштарлықтың артында денсаулыққа қатысты маңызды мәселелер болуы мүмкін:
- Ішек микрофлорасының бұзылуы. Органда пайдалы және патогендік бактериялар арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Патогендік бактериялар қант есебінен өмір сүреді және көбейеді. Патогендік флора тәттілерді қажет етеді, үнемі миға сигналдар жібереді. Ол эндокриндік жүйеге де әсер етеді.
- Жоғары инсулин. Бұл гормон қандағы қантты жасушаға тасымалдауға жауап береді, осылайша, глюкоза қоймасын қалыптастырады. Егер инсулин деңгейі жоғарыласа, онда тағы да тәтті жегіңіз келе түседі, өйткені процестер тым тез жүреді.
- Ақуыз бен май жетіспеушілігі. Егер ағзадағы ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың тепе-теңдігін сақтамасаңыз, онда энергия тапшылығы пайда болады. Оны толтырудың ең жылдам жолы - дәмді нәрсе жеу.
- T4 және T3 төмендеуі. Қалқанша безіне қатысты проблемалар мүмкіндігінше көп тәтті жеуге мәжбүр етуі мүмкін. Оған көбіне T4 және T3 гормондарының төмендеуі себеп болады. Үнемі шаршап, әлсіз жүрсеңіз, бұл қалқанша безін тексеру қажет екенін білідерді.
- Анемия. Темір тапшылығы - әйелдер жиі кездесетін мәселе. Бұл элементтің жетіспеушілігінен бас айналу, әлсіздік, ұйқышылдық белгілері пайда болуы мүмкін.
- Шөлдеу. Оның себебін маман түсіндірді.
"Кейде тәттілерге және жалпы тағамға деген құштарлық - организмде су жеткіліксіз деген белгі", - дейді Илья Магерия.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова