- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тәттіні тым көп...
Тәттіні тым көп жейтініңіздің 4 белгісі
Қантты жақсы көретін көретіндер қатарынан болсаңыз, тепе-теңдікті сақтау өте маңызды. Аз жесеңіз ми жұмыс істеуі үшін энергия жеткіліксіз болады, көп жесеңіз денсаулыққа зиян. Адамға күніне 6 шай қасық қана қант жеуге рұқсат етілген. Бірақ бүгінде мұны есептеу қиынға соғады, өйткені кез келген өнімнің құрамында қант бар. Сондықтан қантты көп жейтініңізді білдіретін 4 белгіні тіздік.
1. Жылдам шаршап қаласыз
Құрамында қанты бар, тәтті тағамдар тез қанықтырып, ағзадағы энергия деңгейін бірден көтереді. Сәйкесінше, қанықтылық сезімі де, энергия да жылдам жұмсалады. Егер үнемі күннің жартысына дейін шаршап қалатыныңызды байқасаңыз, тұтынатын тағамдарыңызға мән беріп, қант қосылған кофе, жеміс-жидек қосылған йогурт немесе кондитерлік өнімдерден бас тарту керек.
2. Үнемі жабырқап жүресіз, депрессия
Қазір қоғамда көңіл-күй болмай отырған кезде тәтті тағам немесе бәліш жесе, ол жақсы көмектеседі деген түсінік қалыптасқан. Бірақ оны тым көп тұтынбаған абзал. Өйткені, ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қантты шамадан тыс тұтыну мен депрессия даму қаупінің жоғарылауы арасындағы байланыс бар.
Мұндай салдардың алдын көкөніс, дәнді дақылдардың көп мөлшерімен теңдестірілген тамақтану алуға көмектеседі.
3. Теріңіздің күйі үнемі нашар болып жүреді
Адам қантты неғұрлым көп жесе, тері соғұрлым көп зардап шегеді. Былтыр АҚШ академиялары бірінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша қантты тым көп жеу мен безеуге бейімділік арасында тікелей байланыс бар. Егер бет немесе дене теріңізге безеу шығып, бөртіп, күйі күннен күнге нашарласа, қантты артық мөлшерде тұтынып жүрсіз деген сөз.
4. Бұрынғыға қарағанда көбірек шөлдейсіз
Бұл жағдайыңыздың нашарлағанының белгісі, яғни үнемі шөлдеп жүру, жиі зәр шығару қандағы қант деңгейі жоғарылағанынын білдіреді. Бойыңыздан осындай белгі байқасаңыз, дереу эндокринолог кеңесіне жазылып, глюкоза деңгейін тексеріңіз.
Айта кетейік, бұған дейін қанда қант көбейіп кеткенін білдіретін белгілер хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тік бұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері қандай?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә