Әлеуметтік желілерде балаларға арналған тәттілерде жәндіктер бар екені туралы ақпарат тағы да таралды. Бұл қаншалық рас және видеодағы ақпаратқа сенуге бола ма? Түсіндіріп өтейік, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Видео авторы қызыл кәмпиттерде кошениль немесе кошениль бітесі болуы мүмкін дейді. Бұл - сауытында кармин қышқылы бар кішкентай қоңыздар. Адамдар одан ежелден қызыл түсті бояғыш кармин жасап келген. Ол үшін жәндіктерді кептіріп, ұнтақтап, сумен араластырған. Заманауи технология күрделірек. Дайын бояғыш әртүрлі сүзгілерден өткізіледі. Бұл алынған өнімде жәндіктердің іздері қалмауы үшін жасалады. Демек тамақ өнеркәсібінде карминді пайдалануды тағамға жәндіктерді қосумен тең деп санаған дұрыс емес.
Одан әрі видеоның авторы шеллак туралы айтады. Шеллак - бұл жәндіктер қызметінің бал сияқты өнімі. Тек оны аралар емес, Kerriidae тобына жататын құрттар шығарады. Бұл - қатып қалған ағаш шайырына ұқсас алтын-қызыл түсті тығыз зат. Шеллак тығыз қант шәрбатын жасау үшін қолданады, бұл драже кәмпиттерінің әдемілігін сақтауға мүмкіндік береді.
Бал сияқты шеллакты тұтынуды да жәндіктерді жеумен бірдей дей алмаймыз.
Демек таралған видеодағы ақпарат - бұрмаланған және манипуляция. Адамдар жәндіктер арқылы кармин мен шеллак алады, бірақ бұл оларды тағамға қосылады дегенді білдірмейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!