Өскеменде шағын маркеттердің бірінен он күн бойы шоколад ұрлаған күдікті анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алғашында тауарлар жоғалғаны бірден байқалмаған. Дүкен әкімшілігі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделегеннен кейін ғана полицияға жүгінген.
"Белгісіз ер адам бір жарым аптаға жуық уақыт бойы дүкенге келіп, сөрелердегі тауарларды жасырын алып шығып отырған. Күдікті күнделікті тұтыну тауарлары мен тәттілер ұрлаған. Он күн ішінде ол шамамен 80 қорап Merci кәмпитін, 25 дана "Қазақстан" шоколадын, сондай-ақ, бірнеше құты кофе мен сусабын алып кеткен. Жалпы материалдық шығын көлемі 300 мың теңгеге жуық", - деді полиция.
Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні жедел түрде анықтаған. Ол тұрғылықты жері жоқ 33 жастағы ер адам болып шықты. Қазір бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!