- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тәтті тағамды қалай...
Тәтті тағамды қалай денсаулыққа зиянын тигізбей жеуге болады?
Диетолог Татьяна Мещерякова жаңа жылдық мерекеде денсаулыққа зиянын тигізбей тәттілерді қалай жеуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Известия-ға" сілтеме жасап.
Маман, ең алдымен, тәтті жегенде рұқсат етілген мөлшерден аспауға кеңес берді. Оның сөзінше, 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға күніне 12 грамм қант жеткілікті, 5 жастан 7 жасқа дейін - 15 граммнан аспауы шарт, ал жасөспірімдер үшін - 20 грамм.
"Егер бұл мөлшерлемені кәмпит санына айналдырсаңыз, күніне шамамен 3-5 дана шығады. Ал дені сау ересек ағза үшін, яғни әйелдерге күніне 35-40 граммға дейін, ер адамдарға 40-50 граммға дейін қант жеуіне рұқсат етіледі. Бұл 100 грамм торт немесе 300-400 мл алма шырынынана тең", - деді диетолог.
Диетолог кетчуп, қышқыл-тәтті, балдан жасалған тұздықтарды ас мәзірден алып тастауды ұсынды.
"Көп жағдайда қанттың артық мөлшері жүгері, бұршақ, түрлі көкөністер мен жемістердің консервілерінде болады. Сондай-ақ, өңделген ет пен шұжықта да қант көп, сондықтан өнімді сатып алмас бұрын құрамын мұқият оқып шығуды ұсынамын", - деп түсіндірді дәрігер.
Кәмпиттерді көзге көрінетін жерде қалдырмауға және тек түстен кейін жеуге тырысыңыз.
Сонымен қатар, сарапшы тәтті дегеніміз тек торт емес, сонымен қатар жемістер, сүзбе десерттері, мармелад екенін еске салды. Сондықтан қантты тұтынуды әртараптандыру маңызды. Мысалы, тәтті газдалған сусынды морс немесе құрамында қанты жоқ шырынға алмастырыңыз.
Дәрігер көп қозғалу керегін де жеткізді, өйткені жаңа жылдық мерекедегі белсенділік тамақтану түріне тікелей әсер етеді.
"Балаларға да, ересектерге де күніне кемінде бір сағат таза ауада уақыт өткізуді ұсынамын, мысалы, шаңғы және коньки теуіп, орманда жаяу серуендеген дұрыс. Таза ауа қан жасушаларын оттегімен қанықтырады, созылмалы гипоксияның көрінісін азайтады, осылай сіздің тәттіге деген құмарлығыңыз азаяды", - деп қорытындылады диетолог.
Айта кетейік, бұған дейін балаға күніне неше кәмпит жеуге болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Пердені жылына неше рет жуу керек?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә