- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тәтті құмарлық". Дәрігер...
"Тәтті құмарлық". Дәрігер ішекте саңырауқұлақ инфекциясы бар екенінің белгілерін атады
Кейде асқазан-ішек жолында ішек кандидозы деп аталатын саңырауқұлақ инфекциясы белсенді көбеюі мүмкін. Бұл ауруды диарея, ауырсыну және ісіну ғана емес, тәтті тағамға тәуелділік те көрсете алады. Бұл туралы гастроэнтеролог Наталья Харченко айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.ru" сілтеме жасап.
"Тәттіге деген құштарлық - бұл ішек микробиотасының кез келген бұзылуының белгісі, әсіресе саңырауқұлақ дисбиозында. Патогендік микрофлора (оның ішінде саңырауқұлақтар) қарапайым көмірсулармен қоректенеді", - деп түсіндірді дәрігер.
Сондай-ақ, маманның пікірінше, тәтті нәрсені жеуге деген шамадан тыс ұмтылыс стресстің белгісі болуы ықтимал. Сондықтан диагноз қою кезінде басқа белгілерге де назар аудару керек.
Ротавирустық инфекция сусызданумен бірге жүретін асқазан-ішек жолдарының өткір ауруын тудырады. Вирус үстел үстінде 1,5 айға дейін және суда 60 күнге дейін өмір сүре алады, 50 градус жылыға дейінгі температураға және хлорлауға шыдай алады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Өріктің қандай пайдасы бар?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә