Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов министрліктер мен ведомстволар басшыларының қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
«Біздің еліміз үшін Тәуелсіздік айрықша маңызға ие. Бұл мерейтой ерекше мереке ретінде Тұңғыш Президентіміздің жаңа Қазақстанның қалыптасуына қосқан қомақты үлесін көрсетеді. Кез-келген мерейтойлық кезең - бұл өткен жолымызды саралап, болашағымызды бағамдауға берілген үлкен мүмкіндік», - деп атап өтті И. Тасмағамбетов.
Аталған кеңес барысында Премьер-Министрдің орынбасары әлеуметтік саланың бірқатар өзекті мәселелеріне тоқталды. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын айта келе, вице-премьер білім және ғылым, медицина, мәдениет пен спорт салаларын дамытудағы міндеттерді шешу қажеттігіне тоқталды. Сонымен бірге, Тасмағамбетов кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінің беделін көтеру қажеттігіне назар аударды.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіру мәселесі де байыпты жұмысты қажет етеді.
Кеңесте елдегі рухани-идеологиялық қалыптасу мәселесі, мемлекеттік ақпарат саясатының жаңа бағдары мен «Мәдени мұра» бағдарламасын ұстану мәселесі кеңінен талқыланды.
Дереккөз: inform.kz