- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тасқын салдарынан 5...
Тасқын салдарынан 5 мың үй жарықсыз отыр - министр
Бүгінде тасқын болған өңірлерде 5 мың үй жарықсыз отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қостанай облысында ажыратылған абоненттер саны 5 мыңнан 700-ге дейін азайды. Ақтөбе облысында абоненттер саны 5,5 мыңнан 13 абонентке дейін азайған. Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында шектелген абоненттер төрт есеге, ал Атырау облысында үш есеге азайды. Солтүстік Қазақстан облысында авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қалған 5 мың абонент су деңгейі төмендегесін жарыққа қосылады", - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Министр бүгінде табиғи апат салдарын жоюға 9 мыңнан аса энергетик маман, 2 145 арнайы автотехника тартылғанын атап өтті.
"Жақын арада әртүрлі кластағы 3 мыңнан аса электр беру желісін қалпына келтіру қажет. Сондай-ақ 414 мобильді электр энергиясы көзі бар. Зардапты жою үшін барлық қажет материал жеткілікті", - деді министр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен