- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тасқын кезінде берілген...
"Тасқын кезінде берілген өтемақыға көңіліңіз тола ма?" Құрылыс министрі жауап берді
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тасқын кезінде үйі бүлініп, оған мемлекет өтемақы берсе, оған риза болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет кулуарында министрге "Тасқында үйіңіз суға кетті дейік. Сізге мемлекет өтемақы берді. Сіз оған риза боласыз ба?" деген сұрақ қойылды.
Қанат Шарлапаев мемлекет көмектессе, оған қуанатынын жеткізді.
"Үйім (тасқыннан соң) жарамсыз болып қалса, әрине, мемлекет берген үйге риза боламын. Себебі, оны мен басқа қай жерден аламын? Қазақстанда (су тасқынынан зардап шеккен адамдарға – автор) бизнес және мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп жатыр", - деді ведомство басшысы.
Биыл елімізде болған тасқыннан 4,3 мың үй апатты деп танылғаны хабарланған еді. Сонымен қатар, премьер-министр су тасқынынан келген залалды тез есептеуді тапсырып, басшыларға ескерту жасаған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Есен