Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші Роза Рымбаева сүйікті немересі, Әли Оқаповтың тұңғышы Зейінге "Құлыным" атты ән арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы әнші әлеуметтік желіде жариялады.
Роза Рымбаева жазбасында "Құлыным" атты әнінің шығу тарихын бөлісті.
"Тұңғышымыз Әли дүниеге келгенде Тасқын (Тасқын Оқапов, дирижер, Роза Рымбаеваның күйеуі - ред.) осы әнді арнап жазып еді. Енді, міне, немерем Зейін дүниеге келген соң, атасының әнін қайта өңдеп, жаңашалап шығардық", - деп жазды ол.
Оқырмандар әншінің бұл жаңалығына жылы пікірлерін жаудырды.
"Құрметті Роза Қуанышқызы, Жаңа жылыңызбен", "Әннің мағынасы қандай тамаша", "Керемет ән, балаларыңызбен бақытты болыңыз", "Керемет ән" деп жазды халық әртісінің жанкүйерлері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!