Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тасқын болған өңірлерде сапалы үйлердің салынуын қырағы бақылауда ұстайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ресми дерекке сүйенсек, бүгінде тасқын болған өңірлерде 873 үй салынып жатыр.
Қанат Шарлапаев үйлердің сапалы салынатытына сенімді.
"Бүгінгі ең маңызды міндет – қыста ешкімді баспанасыз қалдырмау. Әрине, біз үйлерді сапалы салуымыз керек", - деді министр. Сенаттағы парламенттік тыңдаудан соң.
Оның айтуынша, үйлерді салуға қаржыны кәсіпкерлер бөледі.
"Шындықты айтсақ, қазақстандық кәсіпкерлер өзіне үлкен әлеуметтік жауапкершілік алды. (Су тасқынынан зардап шеккен халыққа – автор) үй салу және баспананы сатып алу отандық бизнестің есебінен жүргізіледі. Кейбір өңірлерде құрылысты компаниялар қаржыландырады", - деді ведомство басшысы.
Министр баспананың сапасы қалай бақылатынынын түсіндірді.
"Бұл тұрғыда мемлекеттің рөлі – үйлестіру, учаскелерді таңдау және инфрақұрылымды жүргізу. Біз операциялық штабтарды құрдық. Құрылыс бойынша барлық учаскенің дерегін цифрландырып, жүйеге енгіздік. Жұмысты бақылау үшін барлық құрылыс алаңында бейнебақылау жүйесін орнаттық. Министрлік қызметкерлері су тасқыны болған өңірлердегі үйлердің қалай салып жатқанын бақылап отыр", - деді Қанат Шарлапаев.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!