Тасжолдағы жағдай: Қостанай облысында полиция нарядтарының саны артты

Тасжолдағы жағдай: Қостанай облысында полиция нарядтарының саны артты
Фото: скриншот

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты полиция нарядтарының саны артты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тәулік бойы 120 автокөлік патрульдері елді мекендерде де, қала сыртындағы трассаларда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Полицейлер жүргізушілерді мұқият болуға шақырады.

Еске салайық, бұған дейін Астана – Теміртау автожолында қозғалысқа шектеу қойылды. 

2024 жылғы 12 қазанда сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Екатеринбург – Алматы" автожолының 1291-1426 шақырымы аралығындағы Астана – Теміртау бағытында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Сонымен қатар 2024 жылғы 12 қазанда сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда – Павлодар" автожолының 967-1135-шақырымында (Қарағанды қ. – Павлодар облысының шекарасы) және "Қарағанды – Аягөз – Боғаз" автожолының 17-217-шақырымында (Қарағанды қ. – Қарқаралы қ.) автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина