- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкпар
Тасжолда көкпар ұйымдастырғандар қамауға алынды
Алматы облысында полиция қызметкерлері жолдың жүріс бөлігінде ат спорты ойындарын ұйымдастырған ер адамдарды жауапқа тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Еңбекшіқазақ ауданының жолдарында шабандоздар тобының жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісі анықталды.
Құқықбұзушыларды аудандық полиция қызметкерлері анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушылары қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін ер адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ат спорты ойындарын ұйымдастырушы Еңбекшіқазақ аудандық сотымен 7 тәулікке, ал төрт қатысушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, қалғандары айыппұлмен жазаланды.
Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге, оның ішінде құқықбұзушылықтарды анықтап, уақытылы жолын кесуге бағытталған тұрақты мониторинг жүргізіп отыратынын атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина