Топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыста Азия біріншілігінің қола жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Біздің спортшылар бес шығыршықпен, сондай-ақ, екі доп, үш таспамен жаттығудан жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді.
Қазақстандықтар 5 шығыршық жаттығуы үшін 32.05 ұпай алса, 2 доп, 3 таспа жаттығуында 29.25 ұпай еншіледі.
Айта кетейік, топтық жаттығудан Қазақстан командасын ресейлік маман Инна Бысьрова жаттықтырады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!