Ташкент Тоқаевтың сапарына дайындалып жатыр

Ташкент Тоқаевтың сапарына дайындалып жатыр
Фото: Видео кадры

14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ташкент осы сапарға дайындалып жатыр. Көшелерге Қазақстан Туы ілініп, Президенттің суреттері пайда болған.

Айта кетейік, Мемлекеттер басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ, президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget