ҰҚК Шекара қызметі шілдеде құзырлы органдармен бірлесіп, шекарада Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 4 560 адамды ұстаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Комитет мәліметінше, 35 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды; 38 шетел азаматының шекараны бұзу әрекетінің жолы кесілген.
"Мемлекеттік шекара арқылы 1 612 заңсыз алып өту дерегінің алды алынды, соның ішінде 51-і - есірткі заттары; 111-і - атыс қаруы мен оқ-дәрілер (2 пневматикалық және 206 суық қару, 77 оқ-дәрі); 26-сы - діни әдебиет (5 351 ); 424-і - жалпы сомасы 17 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (37 000 литрден астам); 835-і - жалпы сомасы 2,6 миллиард теңгеден аса халық тұтыну тауарлары; 165-і - жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгеден аса шетел валютасы", - деп жазылған хабарламада.
Каспий акваториясында 39 браконьерлік дерегінің алды алынды, сондай-ақ, 27 жүзу құралы, жалпы ұзындығы 16,2 шақырым болатын браконьерлік аулау құралдары; 12 (4,5 кг) бекіре тұқымдас балық; 3 481 (9 723 кг) таза тұқымдас балық; суда жүзетін 82 тасбақа; суда жүзетін 12 құс; 1 каспий итбалығы тәркіленген.
"Алды алынған залал сомасы 42,5 миллион теңге болады. Бұл деректер бойынша материалдар заңбұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!