Журналист Сәуле Әбілдаханқызы әлеуметтік желідегі парақшасында Саяхат автовокзалының ғимаратын қиратып тастағандарға наразылық білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, өнерді тудыру қиын, бүлдіру оңай.
"Нағыз сейсмотөзімді, тарихи, аңызға айналып үлгерген ғимарат еді. Ешқандай кедергісі де жоқ, дара тұрған жерінен қиратты да тастады. Обал жасады иттер... Жаңа автовокзалмен бизнестеріне бәсеке болады деген шығар...Бәсекелестерін жою, өлтіру "нәннің" және "нән" жүйенің әдеттері еді ғой...Екіншіден, Саяхат - архитектуралық өнер туындысы еді. Өнерді тудыру қиын, бүлдіру оңай. Үшіншіден, тарихты өзінен бастағылары келетін топастар ғасырлар бойы осылай жасап келеді. Республика сарайын, Балуан Шолақ сарайын т.б. ғимараттардың сыртын қаптап өзгерткен кезде де "Алаш айнасына" шығатын "дейін... кейін..." деген суреттерді көрген сайын "әй, топастар-ай" деп, ішім ашып, бір боқтайтынмын. Әсіресе "Саяхатқа" өте обал жасады. Жылағың келеді. Ретро-Алматының бір символы еді...", - деп жазды ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!