"Тарихты бірге жасайық!" Sadraddin-нің концертіне кіру құны белгілі болды

"Тарихты бірге жасайық!" Sadraddin-нің концертіне кіру құны белгілі болды
Фото: видеодан кадр

Жас әрі танымал қазақстандық әнші Sadraddin-нің Алматыда өтетін концертіне билеттер сатыла бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Менің әр бастамамның сәтті өтуі сіздердің арқаларыңызда. Ал енді тағы бір бастама: Орталық стадион, 30 мың тыңдарман, 15 қыркүйек. Осы тарихи күні сіздерді Орталық стадионда күтемін. Білемін, оңай емес, бірақ мен сенемі! Бірінші Алла, сосын мені қолдайтын, тыңдайтын тыңдарманға сенемін. Мен, Sadraddin, барша қазақстандықтарды және шетелдік тыңдармандарымды Алматы қаласында Орталық стадионда өткелі жатқан өзімнің ең үлкен концертіме шақырамын. Құрметті тыңдарман, мен сізді күтемін, тарихты бірге жасайық!" - деді ол. 

Билеттің бағасы 5-10 мың теңге аралығында. Мұндай баға қойғанының себебін әнші студенттердің қалаға ағылып келіп жатқан уақытымен байланыстырды. Студенттер үшін қолжетімді баға жасауға тырысыпты. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева