Тарихтағы ең үлкен жылқы: Желіде тараған сурет қаншалық рас?

Әлеуметтік желіде тарихтағы ең үлкен жылқының сирек кездесетін суреті деген атаумен сурет тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі annahar басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, бұл шындыққа жанаспайды. Сурет шынайы емес, жасанды интеллект бағдарламасы арқылы жасалған. Суретте оның жанында тұрған ер адамдармен салыстырғанда биіктігі бес метрден асатын жылқы бейнеленген. Сондай-ақ, онда "тарихтағы ең үлкен жылқының сирек кездесетін суреті" екені айтылады.

Бірақ бұл мәлімдеме ойдан шығарылған және сурет жасанды интеллект бағдарламасының өнімі ғана. Ол Facebook-тегі Midjourney парақшасында жарияланғаны анықталған.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде жаңсақ пікір қалыптастырған сурет 8 сәуірде жарияланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!