Тарихта алғаш рет! Қазақстандық теннисші Уимблдон жартылай финалына шықты

Тарихта алғаш рет! Қазақстандық теннисші Уимблдон жартылай финалына шықты
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Massaget.kz.

Турнирдің ширек финалында Рыбакина аустралиялық Айла Томляновичпен кездесті. Бірінші сетте Рыбакина 4:6 есебімен жеңіліп қалған. Дегенмен келесі екі сетте 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша, тарихта алғаш рет қазақстандық теннисші Уимблдон жартылай финалына шығып отыр. Рыбакина былтыр ширек финалда жарыс жолынан шыққан еді. 

Енді турнирдің жартылай финалында ол румыниялық Симона Халеппен кездеседі. WTA рейтингінде Халеп 18, Рыбакина 23-орында тұр. Румыниялық теннисші 2019 жылы Уимблдон жеңімпазы атанған болатын. 

Е. Төлеш