Тарихи жүлде! Дінмұхаммед Райымқұл Алматыда әлем чемпионы атанды

Қазақстан құрамасының мүшесі Дінмұхаммед Райымқұл Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында фристайл-акробатикадан үздік шықты, - деп хабарлайды massaget.kz

Финалдық кезеңде қазақстандық жас спортшы 104,52 ұпай жинады. Осылайша әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Қазақстан осы бағдарлама бойынша жасөспірімдер арасындағы әлемдік сында алғаш рет алтын алып, тарихи жүлде еншіледі. 

Күміс және қола медальды Қытай елінің спортшылары (Юйхэн Ян - 101,79, Чжичен Ян - 94,82) иеленді. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан үш медаль жеңіп алған болатын.