Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Сайыров "Қазпоштаның" 900-ге жуық филиалы жабылу алдында тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол депутаттық сауалында жылдан жылға ауылдық елді мекендерде мемлекеттік көмектің азаюына байланысты "Қазпошта" бөлімшелері жабылып жатқанын алға тартты. Сайыровтың мәліметінше, 2022 жылы 33 филиал жабылған, ал 2023 жылы 13 филиал жабылды.
"2017 жылы белгіленген тарифтер "Қазпоштаның" шығындарын өтемейді. Қызметтің өзіндік құны 247,67 теңгені құрайды, ал мерзімді басылымдарды ауылдық жерлерге жеткізудің бекітілген тарифі – 17,6 теңге. 2022 жылдың қорытындысы бойынша шығындар 12,1 млрд теңгені, ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 12,3 млрд теңгені құраған, ал субсидиялар қажетті 8 млрд теңгенің 2,05 млрд теңгесін ғана жабады. Осы үрдісті жалғастыра отырып, 900-ге жуық бөлімше жабылуы мүмкін", - деді Ерлан Сайыров.
Депутат "Қазпошта" бөлімшелерінің аймақтарда жабылуы қарапайым халықты зейнетақысыз қалдырып, мемлекеттік саясаттың осы өңірлерде әлсіреуіне әкеледі.
"Ауылдық елді мекендерде газеттер мен журналдарға қолжетімділіктің болмауы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сияқты күрделі проблемалар болары анық! Бүгінгі турбулентті заманда Ұлттық Қауіпсіздікті саудаға салуға салып, бюджет қаражатын үнемдеуге болмайды. Шекаралық аудандардағы "Қазпоштаның" қызметі Ұлттық Қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі! Олигархтардың банкілерін еркелетіп, қарапайым халыққа қызмет ететін "Қазпоштаны" алалауды қою керек", - деді депутат.
Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде "Қазпоштаның" ескі бөлімшелерінің видеосы қазақстандықтардың сынына қалған болатын.
@rhytmix_2 Что скажите на это, Казпочта?
♬ original sound - Kos
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!