Kcell мен Activ абоненттері оператор жұмысындағы ақауға шағымданды. Қазақстандықтардың айтуынша, екі сағаттан аса уақыт бойы байланыс пен мобильді интернет істемей қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандықтар не дейді?
- "Интернет жұмыс істемейді, мүлде жоқ, байланыс жоғалды, бұл қалай? Оның үстіне тарифке қыруар ақша төлеймін..."
- "Менікі де істемейді, бәрін істедім. Мүлдем байланыс жоқ!!!"
- "Call орталыққа да хабарласа алмайсың. Бұл не өзі, аз ақша төлемейміз ғой, ескерту де жоқ, ештеңе жоқ".
Kcell мен Activ не дейді?
Ұялы байланыс операторының баспасөз қызметі ақау туралы ақпаратты растады.
"Өкінішке қарай, қазір кейбір абоненттер мобильді интернетке қосыла алмауы мүмкін. Техника мамандары мән-жайды анықтап жатыр. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", – деді компания өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова