- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тәрбиелеймін деп қорлаған"....
"Тәрбиелеймін деп қорлаған". Қызылордада балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққан
Әлеуметтік желіде жергілікті Instagram-парақшалардың бірінде балабақшада баласы соққыға жығылған ата-ананың жазбасы жарияланды. Әйел балабақша тәрбиешісі баласын ұрғанын, тәрбиелеу мақсатында қорлағанын жеткізді. Бұл мәселеге қатысты полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасына ата-ананың жеке балабақшалардың бірінде ұлына дене жарақатын салған тәрбиешіге шағымданған арызы түскен.
"Арыз негізінде қылмыстық іс тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Тәркіленген бейнежазбалар қылмыстық іске тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша баланың "денсаулығына жеңіл зиян" келтірілген. Ал сот-габитологиялық сараптамасының қорытындысы әзірге шықпады", - делінген ведомство хабарламасында.
41 жастағы тәрбиешіге Ішкі істер органдарына келу туралы міндет қойылған.
Сондай-ақ, облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданыпты.
Еске салайық, бұған дейін Түркістанда балабақша көлігінің жүргізушісі тәрбиеленушіні қағып өлтіргені хабарланды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сақтардың салт-дәстүрлері мен діни нанымдары қандай болды?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова