- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тәрбиелеген ата-анаңнан айналайын"....
"Тәрбиелеген ата-анаңнан айналайын". Қазақ тілінде танымал әндерді орындаған өзге ұлт өкілі Желіні тәнті етті
Әлеуметтік желіде орыс ұлтының өкілі қазақ тіліндегі әндерді еркін орындаған видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрлардан видеодағы бала бірнеше әнді орындаған көрінеді. Соның ішінде Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Айналайын" әні де бар.
@anton._.1987 Айналайн #каракат#айналайн❤️ ♬ оригинальный звук - Антон
Сондай-ақ, балақай Ұланғасыр Қамиевтің хитке айналған "Қызыл раушан" әнін де орындаған.
@anton._.1987 Қызыл Раушан #раушан#қызылраушан #қызыл ♬ оригинальный звук - Антон
Бұл қатарда әлі күнге өміршеңдігін жоймаған "Армандастар" әні де бар.
@anton._.1987 Армандастар #арман#дастар ♬ оригинальный звук - Антон
Желі қолданушылары видеоға жағымды пікірлер жазып, балақайға қолдау көрсеткен:
Бәрекелді, керемет, жарайсың!
Жарайсың, балам, өте керемет
Қандай керемет, жарайсың! Бас алға !
Жаным, бауырым, бақытты бол.
Орыс болып, қазақша ән айтып тұрған тіліңнен, сені тәрбиелеген ата-анаңнан айналайын, өркенің өссін, балапан.
Талабыңа нұр жаусын!
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова