"Таразыларды - жаңа жоба, Шаяндарды романтикалық кездесу күтіп тұр". Жұлдыз жорамал: 22.05.2023-28.05.2023

"Таразыларды - жаңа жоба, Шаяндарды романтикалық кездесу күтіп тұр". Жұлдыз жорамал: 22.05.2023-28.05.2023
Фото: pixabay.com

Көктемнің аяқталуына сәл қалды. Көктемнің соңы бізге не әкеледі?

Тоқты

Тоқтылар үшін бұл аптада рухани даму мен өзін-өзі тану тақырыбы өзекті болмақ. Сіз өзіңіздің өмірдегі орныңыз жайлы және одан не алғыңыз келетінін ойлауыңыз мүмкін. Жеке өмірде аздап қиындықтар туындауы мүмкін, алайда проблемадан қашудың қажеті жоқ. Жақындарыңызбен ашық және шынайы сөйлесіңіз.

Торпақ

Бұл аптада сезімтал бола түсуіңіз мүмкін. Алайда қателіктер жібермес үшін эмоцияға берілмеңіз. Қаржылық жағдайыңыз тұрақсыз болуы мүмкін, сондықтан әзір тәуекел етпеңіз. Бұл болашаққа арналған қаржылық жоспарларыңыз бен стратегияларыңызды қайта қарауға жақсы уақыт.

Егіздер

Бұл аптада денсаулығыңызға мән беріп, спортпен айналысуға қызығушылығыңыз ашылады. Осы қызығушылықты жоғалтып алмай, бірден қолға алуға тырысыңыз. Себебі денсаулық - сіздің басты құндылығыңыз. Жалпы бұл кезең қарқынды және сіз үшін эмоционалды болады. Алайда сезімдеріңізді бақылауда ұстау арқылы кез келген қиындықты жеңе аласыз.

Шаян

Бұл аптада әріптестеріңізбен немесе серіктестеріңізбен қарым-қатынасыңызда қиындықтар туындауы мүмкін. Жұмыс бойынша келіспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Алайда сабырлық сақтап, өткір сөздер айтудан аулақ болыңыз. Жеке өмірде жағымды тосынсый күтіңіз: жаңа таныстық немесе романтикалық қарым-қатынас болуы мүмкін. Ал қаржылық жағынан ұқыпты болып, артық ақша құртпауға тырысыңыз.

Арыстан

Арыстандарды бұл аптада көп энергия мен белсенділік күтіп тұр. Шығармашылығыңыз дами түседі, сондықтан дарыныңыз бен идеяларыңызды көрсетуден ұялмаңыз. Алайда көзқарастардың әртүрлілігінен әріптестеріңізбен немесе жақындарыңызбен келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Жеке өмір жағымды сәттерге толы болмақ: жақсы әсер немесе жағымды жаңалық сыйлайтын жаңа қарым-қатынас немесе жаңа достар табасыз.

Бикеш

Бикештер бұл аптада кедергілерге немесе өзіңіз айналысатын ісіңізде кідіріске тап болуы мүмкін. Алайда көңіліңізді түсірмеңіз, алға жылжуды тоқтатпаңыз. Апта ортасында өміріңізді өзгертетін ұсыныс немесе жаңалық естуіңіз мүмкін. Өзгеріске және жайлы аймақтан шығуға дайын болыңыз.

Таразы

Бұл аптада Таразылар жеке қарым-қатынаста кей қиындықтарға жолығуы мүмкін. Жақын адамдарыңызбен келіспеушілік немесе түсінсіпеушілік болуы мүмкін. Шыдамдылық сақтаңыз және түсіністікпен қарауға тырысыңыз. Жұмыста жағымды тосынсый күтіңіз: жаңа жобалар мен ұсыныстар түсуі мүмкін. Өзгерістерге дайын болыңыз және тәуекел етуден қорықпаңыз. Ал қаржылық жағынан ұқыпты болыңыз.

Сарышаян

Сарышаяндар осы аптада жаңа білім мен тәжірибе үшін ашық болуы керек, бұл сізге өзіңізді және өз жолыңызды түсінуге көмектеседі. Өз қажеттіліктеріңіз бен шекараңыз жайлы ұмытпаңыз, қажет кезде "жоқ" деп айтып үйреніңіз. Жұмыста жылдам шешім қабылдау керек болуы мүмкін. Күтпеген нәрселерге дайын болыңыз. Сондай-ақ эмоцияларыңызды бақылауда ұстауға тырысыңыз және барлық нәрсені өзіңізге тіке қабылдамаңыз.

Мерген

Бұл аптада өзіңізді қуатты сезінесіз. Айналаңыздағылармен ортақ тіл табу оңай болады және жеке де, кәсіби де қарым-қатынаста жағымды нәтижелер күтіңіз. Өз мақсаттарыңыз жайлы ұмытпаңыз.

Тауешкі

Бұл аптада мойныңызға көп жұмыс алмаңыз. Табысқа жеткіңіз келеді, алайда денсаулығыңыз жайлы ойлауды ұмытпаңыз. Ол үшін сізге демалыс қажет. Сондай-ақ өзіңізге көбірек жауапкершілік алғыңыз келуі мүмкін. Сізге басқалар сенім артып, сіздің маңызды шешім қабылдауыңызды күтетін жағдайға тап болуыңыз мүмкін. Одан қорықпаңыз, сіздің оларға береріңіз бар және сіз бұл міндетті орындай аласыз.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар бұл аптада өзінің жұлдыз белгісінде орналасқан Айдың күшті әсерін сезуі мүмкін. Бұл сіздің көңіл күйіңіздің және әрекетіңіздің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Сезімтал бола түсесіз, алайда мақсатыңызға жетуге энергия мен мотивация сезесіз.

Балықтар

Балықтар бұл аптада жақындарыңызбен немесе романтикалық қарым-қатынаста кей қиындықтарға тап болуы мүмкін. Көбірек шыдамдылық пен түсіністік көрсетуге тырысыңыз. Егер өз мақсатыңызға жету жолында табандылық пен батылдық көрсетсеңіз, бұл апта сіз үшін табысты болады.

А. Жапатова