- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тараздық имам садақадан...
Тараздық имам садақадан түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғаны рас па?
Әлеуметтік желіде тараздық имамның садақадан түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғаны туралы ақпарат тарады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Оразбек Садықов есімді Facebook-қолданушысы жазған. Ол имамның садақадан түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанына наразылығын білдірді.
"Міне, көріңіздер, мешітке берген пітір садақа, баска садақалар, қай жаққа кетіп жатыр. Жетімдерге емес, мүгедектерге емес, қиналып жатқан жаұяларға емес, су тасқыннан зардап шеккендерге емес. Семіргеннен соңғы үлгідегі шыққан Lexus көлігін алып жатыр. Көліктің VIP нөмірі 5000 доллар турады дейді. Бұлар да шенеуніктердің бір түрі ғой.
... Пітір садақаны лажы болса баласы көп, қантарда зардап шеккен, жағдайы жоқ жанұяларға, ауырып жатқан емге ақша жетпей жатқан азаматтарға берген қабыл болады, таза ниетімен 50- 100 тенге болса да", - деп жазды ол.
ҚМДБ өкілдері видеодағы діни қызметкер "Әл-Әділ" мешітінің имамы екенін растады.
"Видеодағы Lexus маркалы автокөлік діни кызметкерге тиесілі емес. Рамазан қайырымдылық айы болғандықтан, еліміздегі барлық мешітте қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылады. "Әл-Әділ" мешітінің имамы жамағатпен бірге қайырымдылық шарасын өткізу барысында осы видеоны әлдебіреулер сыртынан түсіріп алған. Видеодағы Lexus маркалы автокөлік мешітке келуші азаматқа тиесілі екені анықталды", - делінген жауапта.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек