- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тараздық ғалымдар жер...
Тараздық ғалымдар жер сілкінісі зардабын азайтатын құрылыс заттарын шығарды
Тараздық ғылыми қызметкерлер зілзала зардабын едәуір азайтатын құрылыс заттарын ойлап тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Өңірлік университетте жұмыс істейтін ғалым талшықты бетон жасаған. Оның ерекшелігі - соққыға төзімді, жарылып кетпейді. Бетон ішіне темір қалдықтары мен сымдар қосылған. Ал екінші ғалым ғимарат іргетасына орнатылатын қаданың екі түрін шығарды. Пішіні де қолданыстағы тік бағаннан өзгеше. Бірі пирамидалы-призмалы болса, кейінгісінің кеңейтілген бөліктері бар. Сейсмикалық соққыға төзімді бағандар 5 есеге дейін жүк көтереді.
"Құрылысқа кететін жұмыс уақытын қысқартады. Сонымен қатар экономикалық жағынан да тиімді болып келеді. Жер сілкінісі кездерінде жерге қағылған қадаларда суырып алу жүктемесі пайда болады. Сол жүктемелерге біздің зерттеліп жатқан қадаларымыз жақсы төтеп бере алады", - дейді ғылыми қызметкер Нұржан Шаншабаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина