Тараздық 58 жастағы әйелден аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

Тараздық 58 жастағы әйелден аса ірі көлемде есірткі тәркіленді
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Жамбыл облысының полициясы Тараз қаласының аумағында есірткі заттарын өткізетін арнаны жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тыйым салынған заттардың аса ірі көлемі 58 жастағы әйелден тәркіленді.

Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде жуынатын бөлме мен жатын бөлмеден, жертөледен, сондай-ақ көлігінен есірткі орамалары табылды.

Барлығы 19 келі 335 гр "гашиш" және 22 келі "кептірілген марихуана" тәркіленді.

"⁠Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әйел есірткіні туған ауылы - Меркі ауданынан әкелген. Ол өзімен бірге тұратын туыстарын да есірткіге тәуелді еткісі келгенін мойындады", - деді Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz