Тараздағы автосалондағы махинация: қызметкер компанияны тақырға отырғызып, 334 млн теңгеге алдаған

Тараздағы автосалондағы махинация: қызметкер компанияны тақырға отырғызып, 334 млн теңгеге алдаған
Фото: depositphotos.com

Тараздағы автосалондағы махинация әшкере болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

25 жастағы тұрғын автосалонда сату бөлімінің басшысы болып жұмыс істеп жүрген кезінде клиентті құны 90 млн теңге тұратын көлігін жаңасына ауыстырып беремін деп алдаған. Оның көлігін сатып жіберіп, ақшаны өзі жаратқан. Кейін басшылыққа білдірмей, автосалонға тиесілі құны 83 млн теңге тұратын жаңа көлікті оған беріп жіберген.

Сондай-ақ, күдікті автосалонда тұрған құны 68 млн және 34 млн теңге тұратын екі көлікті сатып, ақшасын иемденген. Сонымен қатар, автосалонға тиесілі құны 59 млн теңге тұратын жаңа Toyota Land Cruiser көлігін төмен бағамен сатып жіберген.

Сот үкімі

Сот оны аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны, басқа біреудің мүлкін иемденіп, жымқырғаны үшін кінәлі деп тауып, 5 жыл 1 айға бас бостандығынан айырған.

Алайда прокурордың қорытындысы бойынша кассациялық сот сот актілерін өзгертіп, бас бостандығынан айыру мерзімін 8 жылға ұлғайтты, себебі келтірілген залал өтелмеген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget