- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таразда ҰҚК қызметкерімін...
Таразда ҰҚК қызметкерімін деген тұрғын әйелді 16 миллион теңгеге алдап кеткен
Алаяқтық жасады деген күдікпен Тараз тұрғыны ұсталды. Ол өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырып, жергілікті тұрғыннан 16 миллион теңге шығарған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараз бөлімі полициясына алаяқтықтың құрбаны болғанын мәлімдеп қала тұрғыны жүгінді, деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі. Ол 2022-2023 жылдары пәтерін жалға алған ер адамға алданған.
Өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырған ер адам, әйелдің сеніміне кіріп, ақшасын пайыздық қарыз түрінде иемденген. Сонымен қатар, ұлын мемлекеттік қызметке орналастырып, сот ісін ұлының пайдасына шешуге көмектесемін деп уәде еткен көрінеді. Үй егесі біраз уақыттан кейін ғана күдіктене бастаған. Келтірілген залал сомасы шамамен 16 миллион теңге.
"Факт бойынша ҚР ҚК-ның 190-бабы 4-бөлімі "Алаяқтық" соталды тергеу басталды. Полицейлер облыс орталығының 26 жастағы жұмыссыз тұрғынын ұстаған. Күдікті қамалып, барлық қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Қылмысты жасағаны үшін Қылмыстық кодексте мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, белгілі бір лауазымды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айыру немесе осы құқықтан өмір бойына айыру түріндегі жауапкершілік көзделген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан