Таразда трансформатордың жанында ойнап жүрген 4 жасар баланы ток соқты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Тараздағы Абдуллин көшесінде болған.
Сол көшенің бойында ересектердің қарауынсыз қалып, трансформатордың жанында ойнап жүрген 2018 жылы туған баланы электр тогы соққан.
Ол қазір ауыр жағдайда ауруханада жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!