Таразда төбелес кезінде оқушы қаза тапты

Таразда төбелес кезінде оқушы қаза тапты
Фото: t.me/kriminal_kazakhstan

Әлеуметтік желілерде 1 қыркүйекте Таразда кәмелетке толмағандар арасында төбелес болып, салдарынан біреуі пышақ жарақатын алғаны, артынша жан тапсырғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Жамбыл облысы Полиция департаменті растады. Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Күдікті - кәмелетке толмаған жасөспірім, ол ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді полиция.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, қаза тапқан бала 14 жаста болған. Сондай-ақ, төбелес мектептен тыс жерде болған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget