Полиция қызметкерлері Тараз қаласындағы бірнеше техника дүкенінен жасырын тауар ұрлап, бейнебақылау камерасына түсіп қалған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұры бұрын сотты болмаған 23 жастағы қала тұрғыны екені анықталды.
"Ұсталған ер адам бұл әрекетке өзінің жеке қажетін толтыру мақсатында барғанын жеткізді. Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің Ұрлық бабымен қылмыстық іс қозғалды", - деп жазылған хабарламада.
Жыл басынан бері облыста 38 ұрлық дерегі тіркеліп, былтырмен салыстырғанда 61,2%-ға азайған.
Жамбыл облысының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, өз заттарын қараусыз қалдырмауға шақырады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова