- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таразда сарбаз жаңа...
Таразда сарбаз жаңа рекорд орнатты
Тараздық жауынгер Евгений Нам серіппеге тартылудан ел рекордын орнатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Балқашта өткен Қарулы Күштер қызметкерлері арасындағы көпсайысты мергендер взводының командирі серіппеге 152 рет тартылған. Бұл көрсеткіш еліміздің рекордтар кітабына енгізілді. Жалпы, әскери қызметішілер арасындағы сайыста, қатысушылар гранатаны қашыққа лақтыру, Калашников автоматынан нысанаға ату, 100 метрге жүгіру және турникке тартылу бойынша сынға түсті. Байрақты бәсекеде Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Ал жеңіспен оралған сарбаздарды қарулас әріптестері салтанатты түрде қарсы алып, ерекше құрмет көрсетті.
"Республикалық жарыста Тартыл-фест өтетін кезде, сол рекодты өзім қойғам 52 рет тартылып. Енді осы жолы Қарулы Күштердің арасында өз рекордымды дәлелдеп бердім. Дайындалатын өзімнің шығарған бағдарламам бар. Сол бағдарлама бойынша дайындалып күніне екі рет осы жетістікке жеттім", - деді мергендер взводының командирі Евгений Нам.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек