• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Таразда полицейлер үнді марихуанасын өсіретін зертхананы анықтады

Таразда полицейлер үнді марихуанасын өсіретін зертхананы анықтады

Таразда үнді марихуанасын өсіретін зертхананың жолы кесілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бір ғана айдың ішінде заңсыз айналымнан 173 келіден астам түрлі есірткі заты тәркіленді.

Айта кетейік, Жамбыл облысының полиция департаменті 2025 жылғы қаңтар айында есірткі қылмысының 40 дерегін анықтады.

Оның ішінде аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтаудың сегіз дерегі, сатудың үш дерегі, есірткі өсірудің екі жайты, есірткіні насихаттау және жарнамалаудың бір дерегі анықталды.

Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысудың бір фактісі анықталды. Синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы ұйымдастырған төрт адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Таразда үнді марихуанасын өсіретін зертхананың жолы кесілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget