- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таразда полицейлер өрт...
Таразда полицейлер өрт шыққан көпқабатты үйден 60 адамды эвакуациялады
Таразда полиция өрт шыққан көпқабатты үйден 60 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тараз тұрғындары полицейлер адамдарды өрттен құтқарған бейнероликтерді жарыса жариялауда. Кадрлардың бірінен полицейдің жарақаттанған аяғына қарамастан үй тұрғындарын эвакуациялауды жалғастырғанын көруге болады.
"Ол аяғын қайырып алуы мүмкін", "Ақсап тұрғанына қарамастан, ол жанып жатқан пәтерге жүгірді", "Бәрекелді! Нағыз жігіт екен!", Қазнет пайдаланушылары оны мадақтап, әртүрлі жылы сөздер айтқан.
Өрт шыққан пәтерде кәмелетке толмаған бес бала мен олардың анасы болған. Тұрғын үйден барлығы 60 адам эвакуацияланды. 13 мамырға қараған түні полиция департаментінің кезекші бөліміне қоңырау соққан әйел адам көрші пәтерде өрт басталғанын мазасыздана хабарлады. Көрсетілген мекенжай бойынша жақын маңдағы патруль жасағы кідіртпей жіберілді.
Оқиға орнына бірінші болып келген полиция қызметкерлері қызметтік көліктерден өрт сөндіргіш құралдарды алып, өртке оранған пәтерге жүгірді. Полицейлер өрт ошағын жойып, әйелді және оның бес кәмелетке толмаған баласын өрттен алып шықты, олардың ең кішісі небәрі 2 жаста. Бұдан әрі полиция қызметкерлері жарылысты болдырмау үшін пәтердегі газды жауып, осы үйдің кіреберіс пәтерлеріндегі адамдарды эвакуациялады. Пәтер иесі Тараз қаласы ПБ ППБ взводының командирі Нұрғиса Төленге, аға инспектор Самат Бошқаевқа, инспекторлар Елжас Болатқа, Әділет Тойжігіт пен Дидар Нәбиевке балаларының өмірін сақтап қалғаны үшін өз алғысын білдірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина