Таразда синтетикалық есірткі саудалаған полицей ұсталды. Шені жоғары қызметкерді Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция кезінде қолға түсірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Күдікті қаладағы №2 полиция бөлімшесіне қарасты криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары болып шықты. Майор шеніндегі тергеуші үш грамға жуық синтетикалық есірткіні 100 мың теңгеге сатып жатқан жерінен ұсталды. Есірткімен күресудің орнына, оны саудаға салған сақшыға қатысты тергеу жүріп жатыр.
"Есірткі затын өткізді деген күдікпен Тараз полиция басқармасы, криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілін ұстады. Аталған дерек бойынша жедел тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Тараз полиция департаменті басшысының орынбасары Қанат Сматов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз