Таразда 33 жастағы босанған әйел облыстық перинаталдық орталықтың жуынатын бөлмесінде дарға асылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Almaty.tv" сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, әйел жүктіліктің 24-ші аптасында болған. Науқас жалған толғақпен келіп, бақылауда болған. Дәрігерлер психологиялық ауытқудың белгілеріне күдіктенбегенін жеткізді.
Оқиға дерегі бойынша "өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша тергеу басталды.
"Мәйіт 20:54-те жуынатын бөлмеде табылды. Реанимациялық шаралар нәтиже бермеді. Оқиға орнына полиция мен тергеушілер шақырылды. Суицидтің себептерін тергеу анықтайды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Толқын Өмірбаева.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз