Таразда өзін адвокат деп таныстырған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Тараздық әйел полицияға адвокатының алдап кеткенін айтып, көмек сұраған.
Әйелдің айтуынша, ол өзінің танысына қатысты жүріп жатқан қылмыстық іске көмек көрсету үшін заңды өкіл ретінде адвокат жалдаған. Ер адам көрсеткен қызметі үшін 500 000 теңге көлемінде аванс, содан кейін бірнеше күннен кейін тағы 100 000 теңге сұраған. Әйел оған барлық соманы жібергеннен кейін, адвокат жоқ болып кеткен.
Қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы облыс орталығының тұрғынын анықтады.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Қазіргі уақытта оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.