Жамбыл облысының өрт сөндірушілері бір мезетте 86 адамды эвакуациялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Таразда Жамбыл даңғылындағы мейрамханалардың бірінде асүй бөлмесінің төбесі өртенді.
ТЖМ күшімен баспалдақ маршымен 86 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыды, толығымен сөндірілді.
"Бір қабатты мейрамханаға жапсарлас салынған асүй бөлмесінің шатыры жанды", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!