Таразда мас жүргізуші полицейлерден қашпақ болды (видео)

Таразда мас жүргізуші полицейлерден қашпақ болды (видео)
Фото: ІІМ кадры

Таразда BMW жүргізушісі полицейлерден қашпақ болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түнгі уақытта Таразда полицейлер жол қозғалысы ережелері өрескел бұзылғанын анықтады. Патрульдік полиция экипажы BMW көлігін байқап қалған.

"Жүргізуші полицияның заңды талабына бағынбай, қашуға әрекеттенген. Құқық қорғау қызметкерлері көлікті тоқтатып, жүргізушіні ұстаған. Тексеріс барысында ер адам масаң күйде болғаны анықталды", - деді ІІМ өкілі.

Жүргізуші көлікті мас күйде тізгіндегені, полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны және қарсы бағытқа шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget