Таразда қатарластары 9-сынып оқушысын соққыға жыққан, бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер есепке алынған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде әйел қызы көшеде зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтқан видео жарияланды.
"7-8 қыз жабылып ұрып кетті. Суық қарумен, кастетпен ұрып, қызымды ауыр хәлде қалдырып, ауруханадан бір-ақ шығарды", - дейді видеода әйел.
Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Төбелеске қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.
"Кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, жасөспірімдердің әрекеті кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралды. Оның қорытындысы бойынша жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады", - деді өңір полициясы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!