Таразда қыз алып қашу сәті видеоға түсіп қалған. Кадрларда қызды көлікке күшпен отырғызып жатқандар көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жамбыл облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысы барлар анықталып, жауап алынғанын хабарлады.
"Тараптар бұрыннан таныс екені және өзара шағымы жоқ екені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Десе де полиция Қылмыстық кодекстің 125-бабы бойынша іс қозғаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!