- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таразда “Күзгі тазалық“...
Таразда “Күзгі тазалық“ эко акциясы өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жылдың сәуір айынан бастап "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акция басталған болатын.
Бұл акция тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Әрбір адам өзінің ауласын, көшесін таза ұстап, тазалыққа өзінің үлесін қосу мақсатында ұйымдастырылуда.
Бүгін "Таза Қазақстан" акция аясында "Бәйтерек" ықшамауданында орналасқан каналдың аумағы мен көпсалалы балалар ауруханасының маңында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тазалық жұмыстарына осы аумақтың тұрғындары, белсенді жастар, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, "Жасыл ел Тараз" мекемесі қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосып, канал айналасындағы қоқыстардан тазартып, шығарылды.
Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шара барысында "Жасыл ел Тараз" мекемесі арнайы техникалармен келіп, қаланың жастары әр саланың қызметкерлерімен жұдырықша жұмылып, тазалау жұмыстарын жүргізді.
"Бүгін, міне , елімізде табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған алғашқы күзгі тазалық акциясы өтуде. Бұл шараның бүгінгі ұрпаққа берері мол. Себебі өскелең жастардың бойында патриоттық рухты оятып, еліне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырады. Мұндай іс-шаралар барлық қазақстандықтардың тазалық пен тәртіпті сақтауды қалыптастыратыны сөзсіз", – деді мәдениет саласының қызметкері Б.Абеков.
Жамбыл облысының әкімдігі ұсынған материал
С. Сатыбалдина