Тараз полициясына қоқыс жәшігі жанынан шала туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
29 желтоқсан сағат 11:30-да Тараз полициясына Байзақ батыр көшесіндегі қоқыс жәшігінің жанынан пластикалық шелектен шала туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы шықты. Сәбидің денесі Жамбыл облысының мәйітханасына жеткізілді.
Қазір оның анасын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!